
2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының барлық аумағында «Көлік құралдарының электрондық паспорты» ұлттық жүйесін іске қосты. Электрондық құжат меншік иесінің қалауы бойынша жаңа және әкелінетін автомобильдерге, тіркелген автомобильдерге ресімделетін болады. Осы көлік құралдарын цифрландыру оның өмірлік циклін тек біздің елімізде ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ аумағында да қадағалауға мүмкіндік береді.
Электрондық паспорттарда көлік құралының техникалық сипаттамасы, меншік иесі туралы, тіркеу іс-әрекеттері туралы, шектеулер мен ауыртпалықтар туралы, алымды кәдеге жарату төлемдері туралы, кедендік шектеулер мен кедендік тазарту туралы мәліметтер, жол-көлік оқиғалары туралы, техникалық байқаудан өту туралы мәліметтер болады. Көлік құралы туралы шынайы ақпараттың болуы ЕАЭО қатысушы елдердің бүкіл аумағы бойынша автокөлік иелері үшін автомобильді сату немесе сатып алу про-цесін неғұрлым қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.