
Жақында халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары ҚАЖ департаментінің РУ-170/3 мекемесінде болып, жазасын өтеп жатқан жандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мамандар жазасын өтеп жатқан жандардың сұрақтарына жауап беріп, орталық қызметі жөнінде толық мәлімет берді.
"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ филиалының PR-менеджері Мағзура Нұрмұхамбетова мен ҚАЖ департаментінің бас бухгалтері, әділет майоры Жібек Сәлімова жазасын өтеп жатқандарға зейнетақы кітапшалары мен зейнетақы шоттарынан үзінділер таратып берді. Сондай-ақ мамандар зейнетақы, әлеуметтік пакет ресімдеу және төлеу тәртібі, әлеуметтік қосымша ақыны белгілеу тәртібі бойынша кеңес беріп, зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі заңнамадағы өзгерістермен таныстырды.
Сонымен қатар мәні зор кездесуде 2021 жылдың 1 жартыжылдығында зейнетақыны индекстеу мәселелері қаралды. Зейнетақымен қамсыздандырудың жекелеген мәселелері бойынша 30-ға жуық сотталушы жеке кеңес алды.
Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
КЕАҚ БҚО филиалының баспасөз қызметі