«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шаралары көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде ұсынылады. Ақпарат немесе кеңес алу үшін сіз Бөрлі ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 99, кеңседе 109 кабинетке хабарласуға болады. Тел: 8711 33 20888, жұмыс күндері сағат 9-00-ден 13-ке және 14-00-ден 18-30-ға дейін.