Құрметті Ақсай қаласының тұрғындары!

Құрметті Ақсай қаласының тұрғындары!

🔶Ақсай қаласының әкімі Амандегелді Тугузбаевтың 2020 жылы атқарылған жұмыстары бойынша есеп беру кездесуі ағымдағы жылдың 27 қаңтарда өтетіндігін хабарлаймыз.

🔶2021 жылы барлық санитарлық-қауіпсіздік шараларын ескере отырып, есеп беру кездесуі онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылданды.

🔶Ақсай қаласының тұрғындары есеп беру кездесуін Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі акаунттарда тікелей эфир арқылы көре алады.

🔶Бекітілген жоспарға сәйкес есептік кездесу келесі форматта өтеді:
- әкім атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасайды,

- содан кейін тұрғындар өздерін толғандыратын сауалдарын қоя алады.

🔶Сұрақтарыңызды осы посттың астына, сонымен қатар алдын-ала Telegram-дағы "Ақсай қаласының әкімдігі" чатына, сондай-ақ +7 777 534 6962, +7 705 8034919 (WhatsApp) нөмерлеріне жіберуге болады.

🔶🔶Назар аударыңыздар, егер сіздің сауалдарыңызға тікелей эфирде жауап берілмесе, сізге жауап direct-ке немесе WhatsApp нөмеріңізге жіберіледі.