
2020 жылдың 5 қарашасында мониторинг тобы құрамында Бөрлі ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Изтелеуов, Бөрлі ауданының бас прокурорының орынбасары А. Унаев, Ақсай қаласы әкімі аппаратының бас маманы Н. Кубашева, “Қарашығынақ” және “ Ақжайық” телеарналарымен бірлесе отырып, Ақсай қаласындағы орналасқан бизнес нысандарына барып, коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуына жол бермеу үшін санитарлық – эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне және шектеулерді сақтау бойынша мониторинг жүргізді.
Келесі нысандар тексерілді:
1. «Таир» базары
2. «Честь имею» д-ні
3. «Расул»д-ні
4. р-н «Үй толы»
5. р-н «Трнава»
Рейд нәтижесінде үйлену той өткізілу фактісі анықталды.