
5-6 желтоқсан күндері мониторинг топ мүшелері - аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Изтелеуов, аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры Р.Мамбеталиев, учаскелік полиция инспекторлары Қ.Дербісәлі, А.Жасекеев және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен Ақсай қаласындағы бірқатар қөғамдық тамақтану мен сауда нысандарына облыстық Бас санитарлық дәрігерінің 34 Қаулысының талаптарының орындалуына тексеру жүргізді. 5 желтоқсан күні кешкісін келесі мейрамханалар тексерілді: "Хан Шатыр", "Вестерн бар", "Трнава" - бұзушылықтар анықталған жоқ, сағат 23:00 бұл нысандарда ешкім болған жоқ. Ал сағат 23:45 "Марко поло" мейрамханасы жұмыс жасап жатты, бұл анықталған бұзушылық туралы алгоритм бойынша іс-әрекеттер жасалды. 6 желтоқсан күні келесі сауда нысандары тексерілді: "Планета одежды", "Байтерек" СҮ 5мкр дағы жалдаушысы, - жабық болды. Ал келесі сауда нысандары ескертуден кейн жабылды: дүкен "Тысячи мелочей", "Коралл", "Автомаг", "Рыболов". Мониторинг барысында келесі сауда нысандарының жабық тұрғанын көрдік - "Эдельвейс" СҮ, "Строймаг" дүкені, "Евразия" дүкені, " Алем" СҮ, "Бестау" базары.