Ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Ауданымыздың мерейтойына орай аудан дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарға мерекелік медальдар табыс етті.
Іс сапар аясында Миржан Мұнайдарұлы ауылдағы әлеуметтік нысандардың жұмыстарымен танысты.
Аудан тұрғындарының мақтанышы Ақбұлақ тауларындағы бұлақ басына барып, бұлақ көзін ашу мәселесі бойынша ауыл ақсақалдармен кеңесті.
Сонымен қатар, "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында Ақбұлақ ауылында жүргізіліп жатқан су жүргізу жұмыстары аудан әкімінің назарынан тыс қалмады. Бұл жұмыстарға 21 ауыл тұрғыны тартылған.