
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мүгедектер арбасына тапсырысты ХҚО арқылы бере алады. Ал біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында оны жүзеге асыру жолын көрсететін боламыз. 🔑ХҚО арқылы: 📌ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз; 📌Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз; 📌Операторға қажетті құжаттарды ұсыну арқылы қызметті 15 минутта рәсімдеңіз. 🔑Мобильді топты шақырту арқылы: 📌"1414" бірыңғай байланыс орталығына мобильді топты үйге шақыртуға тапсырыс беру арқылы жүзеге асады. Сізбен ХҚО операторы байланысып, мән-жайды толық анықтайды және 10 күн ішінде сіздің мекенжайыңызға келіп, құжаттарды рәсімдейді. 🔑Сізге қажетті құжаттар: 📍Жеке басыңыздың куәлігі; 📍Егер сенімді өкіліңіз келген болса, оның сенімхаты (нотариалды растау қажет емес); 📍Медициналық оңалту бағдарламасы жөнінде анықтама; 📍Мүгедектігі жайлы куәлік; 📍Егер ҰОС ардагері немесе соған теңестірілген азамат болса, ол туралы куәлік; 📍Егер әрекетке қабілетсіз азамат болса, ХҚО-ға оның заңды өкілі құжат тапсыра алады. 🔑Қызмет көрсету уақыты: Құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 10 жұмыс күні ішінде. 🔑Қызмет нәтижесі: Ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келген кезде мүгедектерге арналған арбаның берілуі жайлы шешімді ХҚО-дан аласыз. ☝️Ескерту, мүгедектерге арналған арба Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан беріледі.