
Аудан әкімінің орынбасары, мониторинг тобының жетекшісі А.Кушкинбаев, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Изтелеуов, Бөрлі аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы А.Хайруллина, коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуына жол бермеу үшін санитарлық – эпидемиологиялық талаптардың сақталуына ШОБ объектілеріне мониторинг жүргізді.
Келесі тамақтану нысандары тексерілді:
1. мейрамхана «Бестау» - жабық
2. мейрамхана «Нур-Ай» - жабық
3. мейрамхана «Үй толы» - жабық
4. мейрамхана «Жер ұйық» - жұмыс істеді
5. компьютерлік клуб «Лотоматик» - жұмыс істеді
Рейд барысында «Жер ұйық» мейрамханасында отбасылық іс-шара өткізіліп жатқаны (туған күн) анықталды және компьютерлік клуб «Лотоматик» жұмыс істеді. Бұл фактілер бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.