
2025 жылғы 11-12 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына екікүндік мемлекеттік іссапары аясында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында бір қатар екіжақты құжаттарға, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Бұл келісім мемлекеттер арасындағы мониторинг жүйесін институциялауға, ақпарат алмасу мен санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қоюға бағытталған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді.
Постпандемиялық тәуекелдер мен эпидемиологиялық қауіпсіздікті күшейту контекстінде келісімге қол қою маңызды және уақытылы болды.