
Заманауи үлгіде салынған әрі толық жабдықталған бұл нысанның жалпы құрылыс ауданы 830,49 шаршы метрді құрап, ауыл жастарына спортпен айналысуға және мәдени шаралар өткізуге кең мүмкіндік береді.
Кешен ішінде боксқа арналған зал және самбо, дзюдо, қазақ күресі, таэквандо секілді спорт түрлеріне, сондай-ақ би үйірмелеріне арналған әмбебап зал жұмыс істейді. Аулада шағын футбол алаңы, баскетбол және волейбол алаңдары салынған.
Жаңа кешен Қызылтал ауылының спорттық және мәдени өмірін жандандырып, тұрғындардың сапалы демалысына серпін бермек.