5 шағын ауданды абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді

5 шағын ауданды абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді

Ақсай шаһарындағы тұрғындар көп шоғырланған 5 шағынаудан жолдары 30 жылдан бері жөндеу көрмей келген еді. Биыл, аудан әкімінің есеп беру кездесуінде айтылған бұл мәселе шешіліп, шағынауданды түгелімен абаттандыру жұмыстары қолға алынып, аяқталды. Бастысы тұрғындарының сұранысымен аллея салынып, орындықтар мен жарық шамдары қойылды. Аулалардағы  тротуарлар жаңадан салынып, автотұрақ кеңейтіліп, жаңғыртылды. Жастарға арналған Street Workout пен балалар ойын алаңдары салынды.

5 шағынауданда 3 әлеуметтік нысан бар. Ал  32 көппәтерлі үйлерде 8,5 мыңнан астам адам тұрады. Ауданның түңгі уақытта жарық болуы үшін 92 жарық бағандары орнатылды. 4000 метр аула ішілік жолдар жаңартылып, 11 жаңа қоқыс алаңдарына 66 жәшік орнатылды. 

Бұл жұмыстардың барлығы қала халқының, оның ішінде осы шағынаудан тұрғындарының жайлы өмір сүрулері үшін жасалғандығы анық. Енді жаңарған жолдар мен салынған алаңдарды күтіп ұстау тұрғындардың өз қолында деп білемін.

Сондықтан 5 шағынаудан тұрғындарынан аулаларды таза ұстап, спорт, ойын алаңдарына ұқыптылықпен қарауға шақырамын.