Меню

Страницы

Статья

Хаттама

«9876 (SF_1B) ұңғымасын орналастыру. Байлау және қосу. ҚМГККО, БҚО» «Карачаганак Петролиум Оперейтинг б.в.» ЖТАҚ Қазақстандық филиалының көзделіп отырған қызметі туралы 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №KZ73RYS00158913 өтініші бойынша ұсыныстар мен ескертулердің жиынтық кестесі

Хаттама

 

Жиынтық кесте жасалған күні: 18.10.2021 г.               

Жиынтық кесте жасалған орын: ҚР ЭГТРМ ЭРБК Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның атауы: ҚР ЭГТРМ ЭРБК Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинау туралы хабарланған күн: 17.09.2021 г.

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын беру мерзімі: 17.09-14.10.2021 г.

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинақтау:

 

№

Мүдделі мемлекеттік орган

Ескерту мен ұсыныстар

1

Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Ұсыныстар мен ескертулер жоқ (21.09.2021ж. № №5-3/1865, 23.09.2021ж. №5-3/1829 хаттары)

2

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетінің «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті

Өтініш бойынша сұрақтарды қарастыру Департаменттің құзырына жатпайды (24.09.2021ж. №26-10-3-1643 хаты)

3

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

Ұсыныстар мен ескертулер жоқ (21.09.2021ж. №2-7/1548 хаты)

4

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы

Ұсыныстар мен ескертулер (28.09.2021ж. №24-30-6-13/2745-И):

1. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125 және 126-баптарының талаптарына сәйкес тиісті облыстардың әкімдіктері белгілеген кәсіпорындар мен басқа да құрылыстар орналастырылған, су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізілген жағдайда, белгіленіп отырған қызметтің бастамашысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті келісімдер, оның ішінде бассейндік инспекциямен келісу болған кезде іске асырылуға тиіс;

2. Су объектілерінде орнатылған су қорғау аймақтары мен белдеулері болмаған жағдайда, су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленгеннен кейін және осы хаттың 1-тармағында баяндалғанды ескере отырып, көзделіп отырған қызметті іске асыру туралы тиісті шешім қабылдау;

3. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының талаптарына сәйкес арнайы су пайдалануға рұқсаты болған кезде судағы көзделіп отырған қызметті қанағаттандыру үшін тікелей су объектісінен алып қойыла отырып немесе алып қоймай, жер үсті және (немесе) жер асты су ресурстарын пайдалануды бастамашы жүзеге асырсын.

5

Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы

Ұсыныстар мен ескертулер жоқ (23.09.2021ж. №2-10/1646)

6

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Ұсыныстар мен ескертулер жоқ (06.10.2021ж. №22-15-2-12/951)

7

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаменті

Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жұмыс жобасын ұсынған кезде субъект халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құжаттарды көрсетуі және санитариялық-гигиеналық іс-шараларды, физикалық әсерді, радиациялық қауіпсіздікті қамтуы қажет.

Құрылыс объектілерін салудың, реконструкциялаудың, жөндеудің және іске қосудың, пайдаланудың жұмыс жобаларын жасау кезінде пайдаланылатын негізгі құжаттар:

1.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 237 бұйрығымен бекітілген "Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары;

2.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы №ҚР ДСМ -72 бұйрығымен бекітілген "Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары;

3.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы №ҚР ДСМ-49 бұйрығымен бекітілген "Құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және іске қосу, пайдалану кезінде еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары;

4.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығымен бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары;

5.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары.

6.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары;

7. «Адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 169 бұйрығы;

8.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы №209 бұйрығымен бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары;

9.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген "Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары;

10."Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға гигиеналық нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 168 бұйрығы;

11."Тіршілік ету ортасының қауіпсіздігіне гигиеналық нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № ҚР ДСМ -32 бұйрығы;

12. «Міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу қағидалары мен кезеңділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің, медициналық қарсы көрсетілімдердің көлемін, жұмысқа түсу кезінде алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулер және мерзімді міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығы.

8

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы

Аталған аумақта сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төніп тұрған жануарлардың түрлері жоқ. Алайда, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» №593 Заңының, «Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi негiзгi талаптарының» 12 бабына сәйкес, аталған талаптарды ескеру қажет.

Сонымен қатар, «9876 (SF_1B) ұңғымасын орналастыру. Байлау және қосу» бойынша жүргізілетін жұмыстардың жер учаскесінде өсіп тұрған ағаштардың бар болған жағдайда «Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 37-2 шешімінің 10 және 11 тармақтарына сәйкес жасалуы тиіс.

9

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы

Өтініш бойынша сұрақтарды қарастыру Департаменттің құзырына жатпайды (24.09.2021ж. №26-10-3-1643 хаты)

10

Батыс Қазақстан облысының  құрылыс басқармасы

Ұсынылған жоқ

11

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Ұсынылған жоқ

12

Бөрлі  ауданының  әкімдігі

Ұсынылған жоқ



Дата публикации
02 ноября 2021
Дата обновления
02 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
13 октября 2026
Ақпарат
09 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы
Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы