Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күшейтілуде.

Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде маңызды заңнамалық шаралар қабылдануда.

Соңғы өзгерістер туралы айтатын болсақ, бұл
2019 жылдың соңында енгізілген қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың отставкасы және тәртіптік жауапкершілігі институты, нормативтік-құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын қалпына келтіру, Қазақстанның ГРЕКО-ға кіру процессін аяқтау.

Өткен жылы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі қабылданды; мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің сыйлықтар алуына толық тыйым салынды; сыбайлас жемқорлықтың субъектілер құрамы кеңейтілді және комплеанс-қызметтер институты енгізілді. Бұдан басқа, өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тұжырымдамалық шаралар көздейтін Заңға қол қойған болатын.

Аталған Заңда Президенттің өткен жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жазаны қатаңдату және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа құралдарын енгізу туралы тапсырмалар іске асырылған.

Бүгінгі күні пара беру мен парақорлыққа делдал болу, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу дерегі үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында көптеген нормалар қабылдануда. 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында пара берушілер мен делдалдардың жауапкершілігін күшейту тапсырылды.Бұл тәсілдің халықаралық озық тәжірибеге толық сәйкес келетінін атап өткен жөн.

Лауазымды адамдарды параға сатып алумен әдейі айналысатын, немесе заңсыз сыйақы беру кезінде делдал болған адамдар, елеулі қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс.

Бүгінгі таңда ҚР Қылмыстық кодексіне тиісті түзетулер енгізілді.

Мысалы, егер бұрын Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігінде көзделген «айтарлықтай мөлшерде пара беру» қылмысы үшін ең жоғары санкция 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құраса, тиісінше бұл әрекет орташа ауыр қылмыс деп танылды.

Ал қазіргі жаңа редакцияға сәйкес, жазаның жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұлғайтылды, бұл автоматты түрде ауыр құқықтық салдары бар санатқа – яғни шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу және қауіпсіздігі төмен колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі көзделген.

Азаматтар сыбайлас жемқорлықпен күрестің ауырлығын түсінуі керек. Күшейтілген санкциялар қосымша тежеуші фактор болады деп үміттенеміз. Пара берушілер де, пара алушылар да қатаң жазаланатын болады.

 

Муктар НҰРМАҚОВ,

Бөрлі ауданының әдеп жөніндегі уәкілі

Дата публикации
23 февраля 2021
Дата обновления
23 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
13 октября 2026
Ақпарат
09 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы
Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы