Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел және тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды тапсырды. Қоғамдық диалог, ашықтық және халықтың өзекті қажеттілігін уақытылы шешу мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтарына айналуда.
Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналуы тиіс. Азаматтарда осы мәселеге қарсы мәдениет қалыптаспайынша оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Бұл мақсаттарға қол жеткізу мақсатында мемлекеттік қызметтің жаңа моделін енгізу шеңберінде еліміздегі барлық мемлекеттік органдарда ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізілді.
Бөрлі ауданы әкімі аппаратындағы Әдеп жөніндегі уәкілідің функциялары 2019 жылдан бастап маған жүктелді.
Әдеп жөніндегі уәкілдер құқық бұзушылықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады, олар өз құзыреті шегінде консультативтік көмек көрсетеді, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді, өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Мінсіз имидж - кәсіби мемлекеттік аппарат белгілерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда құқық бұзушылықтардың алдын алу мен оларды азайтуға бағытталған бірқатар түзетулер қабылданды. Мысалы, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігі енгізілді, мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін алынбаған тәртіптік жазасы болған жағдайда, лауазымын жоғарылатуға тыйым салу белгіленген.
Мемлекеттік басқарудағы қазіргі жағдай мемлекеттік қызметке жас талантты мамандарды тартуды талап етті. Бүгін де мемлекеттік қызметке қызығушылық білдіріп жатқандардың көбі – жастар. Жас буын арасында да мемлекеттік қызметтің маңыздылығы туралы насихаттау біздің міндетіміз.
Жергілікті атқарушы органдарда қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оны болдырмауға байланысты және Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру бойынша семинар-кеңестер өткізіліп отырады.
Мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындар проблемалық жағдайларды реттеу, әріптестерімен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, кеңес алу үшін Әдеп жөніндегі уәкілге жүгіне алады.
Әдеп жөніндегі уәкіл: Мухтар Серикович Нұрмақов.
Лауазымы: Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысы.
Қабылдау күні: Әр аптаның жұма күні
сағат 15.00-ден - 17.00-ге дейін жүргізіледі.
Жұмыс тел: 20809, 20509.
Бөрлі ауданы әкімі аппаратының ғимараты – Әл-Фараби, 99, 202 кабинет.