«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 090300, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Железнодорожная көшесі, 80 үй, 1- қабат, 3-кабинет, анықтама үшін телефон және факс 8 (71133) 20490, электрондық пошта: burlin-roo@bko.gov.kz
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің бас маманы, Е-R-4 санаты(индексі 10-0-5), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95210 (min) теңгеден 128834 (max) теңгеге дейін
Функционалдық міндеттері:
Ауданның білім беру мекемелеріндегі балалардың отбасында өмір сүру мен тәрбиелену құқығын қорғау.Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың түрлі нысандарын дамыту, жұмысқа орналастыру мен тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; Балалар құқығын қорғау, кәмелетке толмағандардың әлеуметтік, мүліктік, тұрғындық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету;Ата – аналық құқықтан айыру және ата – аналық құқықтық шектеу жөніндегі мәселелерді қадағалау;Әлеуметтік педагогтердің жұмыстарын қадағалау;Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалғанбалалардың мемлекеттік мекемелерге орналасуын қамтасыз ету;Қылмыстық – түзеу жүйесінде есепте тұрған сотталған әйелдердің балаларын күту мен олардың тұрмыс жағдайларынбақылау;Жетекшілік жасайтын мәселелері бойынша сот отырыстарынақатысу.Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылық пен қамқоршылық тағайындау шараларын жүзеге асыру;Бекітілген стандарт пен регламентке сәйкес «Жетімбалаға (жетім балаларға) және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршы немесе қорғаншыны белгілеу», «Жетім баланың (жетім балалардың) және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) асырауына қамқоршыға немесе қорғаншыға жәрдемақы төлемін белгілеу», «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою», «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау», «Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру», «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау», «Он жасқа толған баланың пiкiрi ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру» мемлекеттік қызметтер көрсету;Отбасында тұрып жатқан және оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайға тап болған баланы дер кезінде анықтау және отбасылық проблемалар пайда болуының бастапқы кезеңінде баламен және оның отбасымен алдын алуға және қайта оңалту жұмыстарын ұйымдастыру;Девиантты тәртібі бар балаларды, сәтсіз отбасыларды анықтау,оларды ішкі істер органдарына тіркеуді қадағалау. Ата-аналардың баладан, оның ішінде перзентханада немесе басқа балалар мекемесінде, сондай – ақ баланы асырап алуға келісім беруден бас тарту профилактикасы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;Балалар еңбегін пайдалануды болдырмау мақсатында мектептерде жұмыстар ұйымдастыру.Аудан бойынша аз қамтылған отбасы балаларының тізімін құрастыру және оларға «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан бөлінетін материалдық көмекпен қамтамасыз етілуін бақылау;Оқушылар арасында техника қауіпсіздігін сақтау, жарақаттануының алдын алу жұмыстарын бақылау;Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;Бөлімге қатысты басқа да қызметтерді атқаруға міндетті.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Білім,жаратылыстану ғылымдары, гуманитарлық ғылымдар мамандықтары бойынша жоғарынемесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Бөрлі ауданы әкімі аппаратында өтеді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Қосымша ақпарат
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________
______________________
______________________
Мекен жайы: ______________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ
ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
|
________________________________________ |
|
|||
|
_______________________________________
|
||||
|
_______________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер) |
||||
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||||
|
1. |
Туған күні және жері / Дата и место рождения |
|
||
|
2. |
Ұлты (қалауы бойынша) / Национальность (по желанию) |
|
||
|
3. |
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей |
|
||
|
4. |
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы / Год окончания и наименование учебного заведения |
|
||
|
5. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) |
|
||
|
6. |
Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками |
|
||
|
7. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) |
|
||
|
8. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) |
|
||
|
9. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
|
||
|
10. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) / Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) |
|
||
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|||
|
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность*, место работы, местонахождение организации |
||
|
|
қабылданған / приема |
босатылған / увольнения |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_____________________ Подпись кандидата |
_______________ |
||
* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады