Қазіргі уақытта алаяқтар "What's App" және "Telegram" мессенджерлерінде мемлекеттік, медициналық және білім беру мекемелерінің басшыларының фотосуреттерін қою арқылы жалған аккаунттар құрып, аталған ұйымдардың қызметкерлеріне алдағы уақытта құқық қорғау органдары тарапынан тексеру болатынын хабарлай отырып жаңылыстыратын фактілер жиілеп кетті.
Әрі қарай, алаяқтық схемаға сәйкес, олар өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, қорқыту арқылы белгісіз банктік шоттарға ақша аударуды сұрайды.
Осыған орай, азаматтардан белгісіз абоненттік нөмірлерімен мессенджерлерде диалогқа түспеуін, сондай-ақ ешбір жағдайда белгісіз банктік шоттарға ақша аудармауын және барлық күдікті фактілер туралы дереу "102" арнасына полицияға хабарлауды сұраймыз.
Сіздің қаражатыңыздың қауіпсіздігі сізге тікелей байланысты екенін есте ұстаған жөн!