Ауданымызда орын алған жағдай бойынша келесіні хабарлаймыз. Толассыз жауған жауын мен ауа температурасының көтерілуі қардың тез еріп, өзен деңгейінің көтерілуіне әкелді. Топырақтың терең қатуына байланысты (кей жерлерде 1 метрге дейін) еріген сулар үлкен көлемде жинала бастады. Салдарынан Ақсай қаласындағы жолдар мен аулаларды су басып қалды.
28 наурыз күні Ақсу және Кеңтүбек ауылдарын су басуына байланысты аудан әкімі Е.Н. Ихсановтың шешімімен ауданда төтенше жағдай жарияланды.
Су тасқынына қарсы жұмыстарға жергілікті атқарушы органдардың, мердігерлер мен төтенше жағдайлар қызметінің барлық күштері жұмылдырылды.
Аудандық кәсіпорындар көмекке келіп, қосымша арнайы техникалар мен адамдарды қамтамасыз етті. 29 және 30 наурыз күндері екі кезеңмен Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттерінің өкілдері келді.
Кептелісті болдырмау үшін Шыңғырлау өзенінің 4 учаскесінде жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, ескі Аралтал мен жаңа Аралтал шағын аудандарының, Пугачев, Бесағаш ауылдарының тұрғындары да көшірілді. Эвакуациялық пункттер, ондағы ұйықтайтын, тамақтану орындары талаптарға сәйкес жабдықталған. Эвакуацияланғандар киім-кешекпен және қажетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Медицина қызметкерлері тұрақты кезекшілік етеді. Пункттердің санитарлық жағдайын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қадағалайды. Еріктілер мен жұртшылық тарапынан қолдаулар көрсетілуде.
Қазір аудан әкімдігінде зардап шеккен азаматтардың өтініштерін қарап, келтірілген шығынды есептейтін комиссияның құрылды.