2024 жылғы 2-4 сәуір аралығында Батыс Қазақстан облысында ауа температурасының +15, +20 градусқа дейін жоғарылауы, сондай-ақ, өзен арналарының еріген сумен толуына байланысты, мұздардың еруі, өзендердегі су деңгейлерінің көтеріліп, қауіпті деңгейден асуы күтілуде, бұл ретте судың жайылуы және тасқын болуы мүмкін. Сіздерден эвакуацияға дайын болуды, қажетті құжаттар мен заттарды жинауды, бірнеше күндік азық-түлік қорын дайындауды сұраймыз. Жарияланған эвакуациялық пункттер жөнінде біліп отырыңыз.