Меню

Страницы

Статья

Хабарландыру

«Казгидромет» РМК Батыс Қазақстан облысы филиалының ескертуі бойынша 2024 жылдың 29-30 наурыз аралығында Батыс Қазақстан облысында күндіз оң мәнді ауа температурасының сақталуына және 31 наурыз-1 сәуір аралығында ауа температурасының +10, +15 градусқа дейін жоғарылауына, еріген қар ағындысының өзен арналарын толтыруына байланысты, мұздық құбылыстардың әлсіреуі, өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі және қауіпті деңгейден асуы күтіледі, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін. Құрметті аудан тұрғындары! Су басу қаупінің алдын алу мақсатында көшелерді қар мен еріген қар суынан тазарту жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде, бұл жұмыстарға 53 бірлік техника, 20 мотопомпа және 153 адам жұмылдырылды. Коммуналдық қызметтердің көмегімен барлығы 38 мың аса текше метр еріген қар суы шығарылды. Қауіпті жерлерге 1490 құм салынған қаптар қойылды. Қала және аудан тұрғындарын коммуналдық қызметтер мен мердігерлердің жүктемесінің артуын түсіністікпен қарауды, сонымен қатар, тұрғын үйлері мен мүліктерін қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды сұраймыз.

Дата публикации
28 марта 2024
Дата обновления
28 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
13 октября 2026
Ақпарат
09 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы
Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы