2020 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша Бөрлі ауданында 2641 өтініш тіркелген. Олардың 1780-уі жеке тұлғалардан, 861-уі заңды тұлғалардан түскен. Бөрлі ауданы әкімінің аппаратына-1526, дербес бөлімдеріне-829, ал Ақсай қаласы және ауылдық округтеріне 286 өтініш түскен (2020 жылдың 1 жартыжылдығында 1752 өтініш тіркелген). Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аудан бойынша өтініштердің саны 66%-ға көбейді, бұл көрсеткіштің өсуіне Республикамызда 2020 жылдың 15 наурызы мен 15 мамырдың аралығында орын алған төтенше жағдайы ықпалын тигізді.
Аудан бойынша есепті кезеңінде тіркелген 2641 өтініштердің: 2549 -арыз, 10 - шағым, 82- сауал мен ұсыныс. Оның 2497 қаралып, 1546 қанағаттандырылды, 461 өтініш бойынша түсініктеме берілді, 467 өтінішті қанағаттандырудан бас тартылды, 19 өтініштің қаралуы тоқтатылды, 4 өтініш қараусыз қалдырылды, 77 өтініш қарау үшін басқа мекемелерге жолданып, 67 өтініш қарау барысында.
Аудан бойынша 111 тұлға лауазымды тұлғалардың жеке қабылдауында болды, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 есе азайды (2019 жылдың 1 жартыжылдығында 464 тұлға қабылданды): аудан әкімі және оның орынбасарларымен - 43 тұлға (2019 жылдың 1 жартыжылдығында -161 тұлға қабылданды), дербес бөлімдердің басшыларымен -12 (2019 жылдың 1 жартыжылдығында-82), Ақсай қаласы және ауылдық округ әкімдерімен -56 (2019 жылдың 1 жартыжылдығында-221) тұлға қабылданған. COVID-19 жұқпасының таралуына жол бермеу мақсатында, азаматтарды жеке қабылдауы онлайн тәртібіне ауысытырылды, сол себептен өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштің азаюы байқалады.
Жеке қабылдауларда әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үй секілді мәселелер жиі көтерілді.
Есепті кезеңінде жеке және заңды тұлғалармен көтерілген өзекті мәселелер: төтенше жағдайлар мәселесі (карантин уақытында жұмысты жалғастыру және аудан аумағына/аумағынан кіруге/шығуға рұқсат алу) -49%, әлеуметтік мәселе – 13%, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы мәселелері -12%, жер пайдалану мәселесі -8%.
Бөрлі ауданы бойынша 10 шағым тіркелді, барлығы аудандық әкімі аппаратында. Олардың 5 қаралып қанағаттандырудан бас тартылды, қалған 5 шағым қарау барысында.
2020 жылдың 1 жартыжылдығында Бөрлі ауданы мерзімі бұзылып қаралған өтініштер жоқ.
Құжаттамалық қамтамасыз ету
бөлімнің аға инспекторы Г.Муканова
Бөрлі ауданы әкімінің аппаратына түскен
жеке және заңды тұлғаларың өтініштері туралы статистикалық мәліметтер
|
Аудан әкімімен қабылданған тұлғалардың саны |
33 |
|
Аудан әкімінің орынбасарларымен және аппарат басшысымен қабылданған тұлғалардың саны |
4 |
|
Түскен өтініштердің саны |
1526 |
|
Соның ішінде: |
|
|
Шағымдар |
10 |
|
Арыздар |
1483 |
|
Сұраныстар |
17 |
|
Ұсыныстар |
16 |