Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының
15-бабы, 10-тармағына сәйкес, аудан әкімі аппаратындағы, дербес бөлімдеріндегі, Ақсай қаласы және ауылдық округ әкімі аппараттарындағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне талдау жүргізілді.
2020 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша Бөрлі ауданында 637 өтініш тіркелген, оның 465 - жеке тұлғалардан (2019 жылдың 1 тоқсанында - 625), 172 заңды тұлғалардан (2019 жылдың 1 тоқсанында - 212) түскен болса, соның Бөрлі ауданы әкімінің аппаратына –142 (2019 жылдың 1 тоқсанында -272), дербес бөлімдерге – 350 (2019 жылдың 1 тоқсанында -316), ал Ақсай қаласы және ауылдық округтеріне 145 (2019 жылдың 1 тоқсанында-249) өтініш түскен.
2019 жылдың 1 тоқсанында жылы 837 өтініш түскен, яғни, есепті кезеңімен салыстырғанда 23,8 %-ға азайды.
2020 жылдың 1 тоқсанында аудан бойынша тіркелген 637 өтініштің 584-арыз, 3 - шағым, 50 - сауал мен ұсыныс, оның 591 қаралып, 326 қанағаттандырылды, 164 өтініш бойынша түсініктеме берілді, 68 өтінішті қанағаттандырудан бас тартылды, 2 өтінішті қарау тоқтатылды, 1 өтініш қараусыз қалдырылды, 31 өтініш қарау үшін басқа мекемелерге жолданып, 46 өтініш қарау барысында.
Аудан бойынша 2020 жылдың 1 тоқсанында 83 тұлға лауазымды тұлғалардың жеке қабылдауында болды, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 62 % азайды. 2019 жылдың 1 тоқсанында 219 адам қабылданды, өткені 2019 жылдың ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласында болған жағдайға байланысты көп балалы аналардың әлеуметтік жағдайын көтеруге қатысты мәселелерімен жеке қабылдауда азаматтар жүгінді.
Қайталанған және мерзімі бұзылған өтініштер жоқ.