Меню

Страницы

Статья

Бөрлі ауданы әкімінің аппараты бойынша 2020 жылғы қаңтардағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысына талдау

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының
15-бабы, 10-тармағына сәйкес,  Бөрлі ауданы әкімі аппаратының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің жұмысына талдау жүргізілді.

2020 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша Бөрлі ауданы әкімінің аппаратында 39 өтініш тіркелді, оның 26-сы жеке тұлғалардан, 13-і заңды тұлғалардан түсті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 58.5 %  төмендеді (2019 жылдың қаңтар  айында 94 өтініш тіркелді).

Түскен өтініштердің: 31-арыз, шағым-1, сұраныстар мен ұсыныстар-7. Қарау нәтижесі бойынша, 5 өтінішке түсіндіру жауаптары берілді, 4 өтінішті қанағаттандырудан бас тартылды, 17 өтініш қарау үшін басқа мекемелерге жолданып, 13 өтініш қарау барысында.

2020 жылдың қаңтар айында аудан әкімі М.Сатқановтың жеке қабылдауында азаматтар болған жоқ. Аудан әкімінің орынбасары Е.Ихсанов 1 азаматты жол жөндеу, көше жарығы және маршрут қозғалысы мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында азамат, көтерген мәселелеріне ауызша түсіндіру жауаптарын алды. Өткен жылдың қаңтар айында аудан әкімі 11 азаматты, ал оның орынбасарлары 1 азаматты қабылдады.

Қайталанған өтініштер тіркелген жоқ.

Тіркелген өтініштерде көтерілген өзекті мәселелер: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үймен қамту мәселесі – 30.8 % (12 өтініш);

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету –15.4 % (6 өтініш) құрады.

Аудан әкімі аппаратына түскен өтініштердің көрсеткішінің төмендеуі Березов және Бестау ауылдарының тұрғындарын көшіру шараларының аяқталуымен және Ақсай қаласынан қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселесінің шешілуімен байланысты.

 

Дата публикации
22 июня 2020
Дата обновления
22 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Ақпарат
19 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы
Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы