Бөрлі ауданы әкімдігі «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 43 бұйрығының шығуына байланысты «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша біздің ауданның мамандары Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі (құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы немесе электрондық форматта "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi.
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
Кредиттік бюродан есеп;
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
Кредиттік бюродан есеп.
Осы Қағидаларда көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi.
Толық ақпараттымен интернет-ресурстарында танысуға және Бөрлі ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге болады. Бөрлі ауданы Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі 99, 109 бөлме. Жұмыс күндері 9-00-дан бастап 13-00, 14-30 18-30 дейін.