Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Бумакөл ауылдық округі әкіміне КАНДИДАТ Қамидоллаұлы Нұрдәулет

 

1994  жылы  18 қарашадаБатыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Ақпәтер ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2012-2017 жж Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша тәмамдады.

2017 жылдан - бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Жарсуат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқаруда.  «Nur Otan»партиясының мүшесі. Мемлекеттік қызмет өтілі 2 жыл 7 ай, жалпы қызмет өтілі 2 жыл 7 ай. Отбасылық жағдайы-үйленбеген.

 

 

САЙЛАУАЛДЫ   БАҒДАРЛАМАСЫ

 

  • Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі мақсаттары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру және «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» бойынша нақты іс шаралар өткізу, тыңғылықты қызмет атқару. Мен өзімнің өмірлік және мемлекеттік қызметімде жинаған тәжірибемді пайдаланып, бар күшімді салып ауыл халқының әл-ауқатын көтеру үшін ұмтыламын.
  • Қосымша жұмыс орындарын және халықтың әл-ауқатының өсуіне, жеке кәсіпорындарды ұйымдастыруға, шаруа қожалықтары мен жеке шаруашылықтардың дамуына көмек көрсету, шағын және орта бизнес үшін қолайлы жағдай жасау қажет. Шағын несие беру бағдарламаларын («Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы», «Агробизнес», «Сыбаға»)іске асыру арқылы жергілікті кәсіпкерлердің арасында шағын және орта бизнесте инвестиция тартатындардың санын көбейтуді алдағы мақсатымның бірі деп білемін. Мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жастардың санын азайту үшін оларға өз қалауымен жұмыспен қамту орталығы арқылы қайта даярлау курстарына жұмылдыруды қолға аламын.
  • Әлеуметтік жағдайы осал, соғыс және еңбек ардагерлері бар отбасыларға қолдау көрсетемін. Жастарға рухани-патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салты мен спортты дамыту, білім беру және жоғары рухани әлеуетті қоғамның дамуына барлық күш-жiгерімді саламын. Ауыл тұрғындарының маңызды стратегиялық және күнделікті міндеттерін шешу үшін білімдерін, дағдыларын және тәжірибесін жақсартуға атсалысамын.
  • Ауылды көгалдандыру, санитарлық  тазалау мен абаттандыру жұмыстарын жүргізуді әрі қарай жалғастырамын.
  • Жергілікті қоғамдастық бірлесіп халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға, сондай-ақ өзекті мәселелерді шешуге, шоғырландырылған, бірлескен ынтымақтастық орнату. Тек жергілікті қоғамдастық қана елді мекендердің барлық мәселелерін жақсы біледі және әрдайым шешімдерді ұсына алады.

 

 

Дата публикации
19 июня 2020
Дата обновления
19 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
13 октября 2026
Ақпарат
09 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы
Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы