Меню

Страницы

Статья

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ БАҒЫТЫ БОЙЫНША

Мемлекеттік қызметтің кадр жағдайы:

2023 жылдың 10 қазанына Бөрлі ауданы бойынша мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны – 136, нақты саны – 128 бірлікті құрайды. Бос лауазымдар саны – 8, бұл штаттық санның-5,9% құрайды.

Қызметшілердің орташа жасы 39 жасты құрайды. Жас мамандардың саны-26 (20,3%). Мемлекеттік қызметшілер арасындағы ер адамдардың үлесі - 41,4% (53), әйелдердің үлесі-58,6% (75). Әйелдер - мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдардың жалпы санының – 27,5% (40-тан 11-і) атқарады. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтегі орташа өтілі –11 жыл.

Персоналдың сапалық құрамы.

Аудан бойынша мемлекеттік қызметшілердің 94,5%-ның (121 бірлік) жоғары білімдері бар, шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтағандар – 5, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі – 1, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі барлар (магистратура)- 6.

 

Жағымсыз себептермен шыққандар - 0.

 

Мемлекеттік қызметкерлердің ауысымдылығы:

Ағымдағы жылдың 11 қазанына таза ауысымдылық – 0.

Мансаптық өсу:

Ішкі конкурспен жоғары лауазымға тағайындалғандар – 2.  

 

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту:

2023 жылдың қазанына қайта даярлау курстарынан және біліктілігін арттырудан 52 мемлекеттік қызметші өтті, 2023 жылға арналған оқу жоспарының 100% (жоспар - 43) орындалды (қайта даярлау курстарынан – 12, біліктілігін арттырудан – 40 қызметші өтті).

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі:

«Е-қызмет» жүйесінде құжаттардың жалпы саны - 2284, барлығы автоматты штаттық режимдегі құжаттар, қолмен енгізу режиміндегі құжаттар болған жоқ. Автоматты режимде өңделген құжаттардың үлесі - 100% құрайды. Бір жұмыс істейтін қызметкерге жалпы құжаттардың орташа саны – 13.

Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасы:

2023 жылға бекітілген тағылымдама жоспары бойынша 12 мемлекеттік қызметші тағылымдамадан өтті, орындалуы 100%. Функционалдық міндеттер бағытындағы мемлекеттік қызметтен тыс ұйымдарда - 4 мемлекеттік қызметші,  мемлекеттік мекемелерде - 7 мемлекеттік қызметші, 1 мемлекеттік қызметші - Астана қаласында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің Ақпараттық қауіпсіздік жобаларын іске асыру жөніндегі басқармасынан тағылымдамадан өтті.

Аталған көрсеткіш 2022 жылмен (9 бірлік) салыстырғанда 25%-ға (2023 ж-12 бірлік), ал мемлекеттік қызметтен тыс ұйымдарда тағылымдамадан өту үлесі -  20%-ға (2022 ж-1, 2023 ж-5) артты.

Дата публикации
12 октября 2023
Дата обновления
12 октября 2023
Тип
Мониторинг

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
13 октября 2026
Ақпарат
09 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы
Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы