Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне сәйкес қызмет атқаруы - қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Талапты одан әрі жоғарлату мақсатында 2015 жылы Елбасының Жарлығымен Әдеп кодексі қабылданды және Әдеп жөніндегі уәкіл қызметі тағайындалған болатын. Бөрлі ауданы әкімі аппаратында Әдеп жөніндегі уәкіл бар. Әдеп жөніндегі кодекс және уәкіл деген кім, оның мақсаты қандай, ол немен айналысады? Жалпы мемлекеттік қызметші қандай болуы керек? Осы сұрақтарға Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ерік Төлепқалиев жауап берді.
❓Әдеп жөніндегі уәкіл деген кім?
Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алуды жүзеге асыратын, сондай-ақ, өз қызметінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына жүріс-тұрысының өз қызметіне лайықты болуына, халықтың сенімін нығайтуға ықпал ететін маман.
Әдеп жөніндегі уәкілдің ұжымдағы негізгі міндеттерінің бірі - ол әрбір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызметтегі шектеулер, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Осыған қоса, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шаралар жүргізеді. Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңес береді. Әдеп жөніндегі уәкіл ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында жыл көлемінде кемінде 2 рет анонимді сауалнама жүргізіп, талдау жасап отырады. Ережеге сай, мемлекеттік органдардың көрінетін жеріне Әдеп жөніндегі уәкілдің мәліметтері толықтай ілініп, қамтамасыз етілген.
✅Мемлекеттік қызметшінің әдебі жоғары болу керек. Мемлекеттік қызмет - жауапты міндеттерді жүктейтін жұмыс. Елдің болашағы, қоғамның дамуы, халықтың тұрмысының жақсаруы осы қызметтегі адамдардың еңбегіне тікелей байланысты. Бөрлі ауданында да өлкенің дамуына үлесін қосып жүрген кадрлар жетерлік. 2023 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік қызметшілердің штат саны 137 бірлікті, нақты саны – 126 бірлікті құрайды. Ауданның жергілікті атқарушы органдарындағы әйел адамдардың саны – 75 болса, мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 59,5% құрайды. Бұл ретте басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі – 9, (7,1%). - Мемлекеттік қызметші - мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы байланыс. Себебі, мемлекеттік қызметшінің болмысы, жүріс-тұрысы, кәсібилігі қоғам мен мемлекетіміздің дамуына тікелей байланысты. Мемлекет басшысы да өзінің үндеулерінде мемлекеттік қызметшілердің қандай болуы керектігін айтып отырады, - деді Әдеп жөніндегі уәкілі Ерік Төлепқалиев.
🍀Оның сөзінше, негізі мемлекеттік қызметшілерге шағымданушылар әр уақытта болған және шағымдану себептері түрлі болады. Азаматтардың көбі қызмет алу барысында қызметкердің іс-әрекетімен, жауабымен келіспей жататын жағдайдан болып жатады. Ал қызмет көрсетуші мемлекеттік қызметші өз тарапынан заңмен көзделген мерзімі мен талаптарын сақтауға міндетті болғаннан кейін азаматтың сұранысын қанағаттандыра алмағандықтан түсініспеушіліктер орын алып, шағымданып жатады екен.
📝- Жалпы әр адам өз міндетіне адал, заң шеңберінде атқарса, онда ешкім шағым айтпас еді. Жалпы мемлекеттік қызметшілерге шағымданушылар ауданда болған жоқ, - деп түсіндірді уәкіл.
✅«Ұйымшыл ұжымның еңбегінің жемісі».
Ерік Тілекбайұлы Бөрлі ауданы, өндірісті қала Ақсайдың өзге өңірлерге қарағанда алдыңғы қатардағы ерекше өңір екенін жасырмайды. Бөрлі ауданының мемлекеттік қызметшілердің тәртібі бойынша алдыңғы қатарда екенін, өрескел заң бұзушылыққа жол бермейтінін айтады.
- Еркебұлан Ихсанов басқаратын Бөрлі ауданының мемлекеттік қызметкерлерінің шоқтығы биік, ауызбіршілігі жоғары, ынтымағы мен ымырасы бір деп айтар едім. Мұны өзге әріптестерім де мойындайды. Көп жағдайда Бөрлінің өзге өңірге қарағанда шетелдік инвесторлары көп, соған сай мүмкіндік те көп дегенді алға тартуы мүмкін. Алайда мұнай мен газ мемлекеттік қызметшілерге басымдық бере алмайды. Еліміздегі мемлекеттік қызметшілердің жалақылары лауазымына қарай барлық жерде бірдей.
Жақында облыста өткен зияткерлік сайыста мемлекеттік қызметшілер арасында өткен спартакиадада Бөрлі ауданының командасы озып, бірінші болды. Мықты екенін тағы да дәлелдеді. Бұны - ұйымшыл ұжымның еңбегінің жемісі деп баға беремін. Осындай команда арасында еңбек ету - мен үшін үлкен абырой, - деді.
✅ Отан отбасыдан басталады!
Ерик Төлепқалиев 1986 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Есенсай ауылында зиялы қауым отбасында дүниеге келді. Осында алғаш мектеп табалдырығын аттап, 7 сыныптан кейін оқуды Орал қаласында Ә. Молдағұлова атындағы мектеп-гимназияда жаластырды. Мұнда да мектепішілік шараларда белсенді болып, үздіктер қатарынан көріне білді.
Көп ұзамай әкесінің Бәйтерек ауданының Атамекен ауылының әкімі болып тағайындалуына орай мектепті ауыстырды. Мектепті бітірген соң М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Экономика және құқық» факультетінің туризм мамандығын игеріп шықты. Жоғары оқу орнынан кейін Ақтау қаласында №51809 әскери бөлімшесінде қызмет етті. Алғашқы еңбек жолын Зеленов аудандық білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер туризмі жіне экология орталығының қосымша білім беру педагогы болып бастады. 📝Әскерден келгеннен кейін құқық қорғау органына, мемлекеттік мекемеге түйіндеме тапсырып, күтіп жүрдім. Тез арада жұмысқа шақырмады. Тұрақты ісі болмағасын, әрі мол табыс табу үшін Атырау, Ақтау жаққа вахталық жұмысқа аттанған қатарластарыммен бірге менің де барғым келді. Маған тығырықтан шығар жол - осы болып көрінді. Ойым - вахталық жұмыс арқасында табысымды молайту. Сонда әкем: «Бұл уақытша, болашағы жоқ жұмыс болуы мүмкін. Білімің бар, елге қызмет ететін тұрақты жұмыс орнын қарастырсаң қайтеді?» - деп ақылын айтқан еді. Бәйтерек ауданының ішкі саясат бөлімінің статист маманы болып жұмысқа орналастым. Айлығым 12 мың. Вахталық жұмысқа орналасқан таныстарымның жалақысы үш-төрт есе көп. Алайда әкемді тыңдап, мемлекеттік қызметті таңдадым, - деп бөлісті Ерик Төлепқалиев. Адамға абырой мен бедел деген өз аяғымен келмейді. Білімі мен біліктілігі арқасында Ерік Тілекбайұлы уақыт өте аталмыш бөлімнің бас маманы, «Жастық-Молодость» ЖҚБ төрағасының орынбасары, кейін төраға, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлар жұмысы, мемлекеттік қызмет мониторингі бөлімінің бас маманы, кейін басшы болды.
2015 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі БҚО бойынша департаментіне ауысты. Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты, бас маман болып жұмыс істеді. Бір жылдан кейін аудандық мәслихат депутаттарының ұсынысымен Тасқала ауданының Қазақстан ауылдық округінде әкім болып екі жыл қызмет атқарды. 2018 жылдың тамыз айында БҚО әкімі аппаратының бас инспекторы лауазымына тағайындалды.
- Менің жауапкершілігім - облыс әкімінің тапсырмаларын орындаушыларға жеткізіп, бақылауға алып, олардан ақпарат алу, бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақытылы қаралуын қамтамасыз ету, ұйымдастырушылық іс-әрекет жұмыстарын регламенттейтін құжаттардың жоспарын жасауға қатысу болды. Қызмет барысында төрт ауданға жетекшілік еттім, соның бірі - Бөрлі ауданы, - деді. Көп ұзамай БҚО әкімінің аппараты ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас инспекторы, стратегиялық даму және цифрландыру бөлімінің бас инспекторы, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстары бөлімінің бас инспекторы, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы болды. Бөрлі ауданында Әдеп жөніндегі уәкіл қызметін атқарғанына 1 жыл толды. ✅«Мен өз отбасымда жарасымды жылылықты сезініп өстім».
- Отбасымның Алатаудай тірегі - әкем Тілекбай Қажымұратұлы - сөзі мен ісі сай адам. Мен үшін әкем қайталанбас тұлға. Өміріме дұрыс бағдар беріп, жол сілеген әкеме алғысым шексіз. Ол еңбек жолын мемлекеттік қызметтен бастап, қазір Бәйтерек аудандық мәслихатының басшысы болып абыройлы қызмет етуде. Анам Ханбибі әлеуметтік салада жұмыс жасайды. Отбасы дәстүрінен айнымау үшін осы саланы таңдадық. Әкеміздің жолын жалғастыра отырып, халқымыздың ұрпақтастар сабақтастығы салтымен үлкен әпкем де, інім де, мен де мемлекеттік қызметте еңбектенудеміз. Мақсатым - ел игілігіне қызмет ету, пайдамды тигізу.
Мемлекеттік қызметші Ерік Төлепқалиев мықты отбасы - мемлекет тірегі екенін айтады. Отбасында жан жылуын сезініп, сүйіспеншілікке бөленіп өскен ол, жанұяның бірлігі әр баланың болашағына ықпал ететінін айтады.📝- Әрбір отбасының берік болуы - отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілігіне байланысты. Отбасында мейірімді қасиеттерді сезініп өскен бала болашақта азамат болып қалыптасады. Мен өз отбасымда жарасымды жылылықты сезініп өстім. Жұбайыма, балаларыма ата-анамның істерін айтудан жалықпаймын. Жолдасым Саида Шманқызы екеуіміз Есения, Фариза, Оралхан есімді ұл-қыз тәрбиелеп отырмыз. Балаларыма отбасылық құндылықтарды дәріптеуге тырысамын. Жақсы бала көп нәрсені білуге талпынады емес па? Жақында 4 сыныпта оқитын қызым «Көксерек оқулары» байқауынан бас жүлдені жеңіп алды, - деді Ерик Тілекбайұлы.