Аудандық Мәдениет үйінде 10 тамыз-Абай күніне арналған «Абай-дара қазақта!» атты Бөрлі ауданының мемлекеттік қызметшілерінің қатысумен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Абай шығармашылығын әр қатысушының жүрегіне терең бойлату; Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту; «Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту; Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой - толғауларын насихаттау.
«Ұлы дана, дара – ақын...» театрландырылған композициялық көрінісі қойылды. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру» институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі - Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы, баяндама тақырыбы - «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»; Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жергілікті «Бөрлі жаршысы» газетінің редакторы - Нұрашева Дариға Кеңесбайқызы, баяндама тақырыбы - «Хакімнің қара сөздерінің өзектілігі: Абай заманы, қазіргі заман»;Бөрлі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 2022 жылы өткен «Мемлекеттік тіл- менің тілім» облыстық байқауының Бас жүлде иегері – Серік Асхат Сағынбайұлы, баяндама тақырыбы - «Абай қара сөздеріндегі адамгершілік бастауы – ар-ұят»; Аудандық кітапхананың тұрақты оқырманы, тіл маманы Бураншеева Алтынтас Орынқызы, баяндама тақырыбы - «Өнер алды – бірлік, ырыс алды – тірлік» деген тақырыптарымен өз ойларын айтты. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер де Абайдың туындыларын оқыды. Шақырылған қонақтарымызға аудан әкімінің атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.