2023 жылдың 8 ақпаны күні Ақсай қаласы мен ауылдық округ әкімдері, ауданымыздың барлық мемлекеттік мекемелерінің басшылары үшін семинар-кеңес өткізілді. Семинар барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық нормаларға енгізілген өзгерістер, сонымен бірге мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің жаңа редакциясының талаптары түсіндірілді. Соның ішінде, мемлекеттік қызметшілердің заңнамаларда белгіленген шектеулерді сақтау бойынша талаптар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей моральдық-әдептілік талаптарын ұстау қажеттігіне назар аударылды.
Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары 2022 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, ағымдағы жылға жоспарланған шаралар туралы мәлімдеді. Кеңесте мекеме басшылары өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.