2023 жылғы 02 маусым күні менің ұсынысым негізінде аудандық құқық қорғау органдары мен барлық мемлекеттік мекемелердің басшылары үшін "Келіссөздер жүргізу және жан-жалдарды реттеу" тақырынбында семинар өтті. Семинарды ҚР Президенті жанындағы академияның БҚО бойынша филиалының директоры Асет Талғатбекұлы Абжаков жүргізіді. Семинардың қорытындысында тыңдаушылар шиеленістерді реттеу комуникациясы, топ психологиясы және топты басқару, жан-жалды жағдайды тиімді басқарудың техникасы мен әдістерін меңгерді.