Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 3 қыркүйек күні Успен ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
Успен сайлау округі бойынша:
- 1.Ақмамбетов Дархан Даманұлы, 1995 жылы туған, Қарағанды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Бөрлі ауданы Қарағанды ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- 2.Искалиев Дотан Мухитович, 1981 жылы туған, Бөрлі ауданы Успен ауылдық округінің әкімі, Бөрлі ауданы Успен ауылында тұрады, «Amanat» партиясынан ұсынылған;
- 3.Сәми Абай Төребекұлы, 1995 жылы туған, Бөрлі ауданы Бөрлі ауылдық округі әкімінің орынбасары, Бөрлі ауданы Бөрлі ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
Бөрлі аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы