Өтініштердің статистикасы бойынша. 2022 жылдың соңына ашық қалып 2023 жылға ауысқан өтініштердің саны – 45, 2023 жылдың І жартыжылдығында Бөрлі ауданының жергілікті атқарушы органдарына 982 өтініш келіп түсті, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 193 өтінішке, яғни 16 % азайды (2022 жылдың салыстыру кезеңінде 1175 өтініш түсті).
Оның ішінде 838 өтініш қаралды, нәтижесінде: авторға жауап берілді –178, қолайлы әкімшілік акт қабылданды – 447, ауырпалықты әкімшілік акт қабылданды – 141, тоқтатылды – 39, басқасы - 26, назарға алынды – 7, ал 128 –і құзыреттілігіне қарай қарау үшін жолданды.
Бұл ретте, Ақсай қаласы (116) мен Пугачев ауылдық округінің (22) тұрғындары жоғары белсенділік танытуда.
Барлық өтініштерге қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен жауаптар жолданды.
Азаматтарды жеке қабылдау бойынша. Мемлекеттік органдардың ашықтылығын көрсететін құралдың бірі – ол азаматтарды жеке қабылдау болып табылады.
Ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 309 азамат қабылданды, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 193-ге немесе 84% көбейді (116).
Соның ішінде, Бөрлі ауданының әкімі, оның орынбасарлары және аппарат басшысы - 170 азаматты қабылдады.
Ал, Ақсай қаласының әкімі – 107, дербес бөлім басшылары – 14, ауылдық округ әкімдері - 18 азаматты жеке қабылдады.
Қабылдау нәтижесі бойынша: оң шешілді - 29, көтерілген мәселе бойынша қолданыстағы заң талаптарына сәйкес түсіндірме берілді - 280.
Тәуекелдер картасы бойынша. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының тапсырмасына сәйкес тәуекелдер картасын жасақтау мақсатыда бойынша Бөрлі ауданының жергілікті атқарушы органдарына келіп түскен өтініштердің барлығына үнемі талдау жүргізілуде. Бөрлі ауданының тәуекел картасына 10 өтініш енгізіліп, бақылауға алынды.
Заң бұзушылықтар бойынша. Бөрлі ауданы әкімінің аппаратының тарапынан, мекемеге бағынысты мекемелердің арасында «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне күнделікті мониторинг жүргізіп, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік - процестік кодексіне сәйкес өтініштерді қарау және мерзімдерін сақтау тәртібі жөнінде күн сайын ескертпелер жолданып отырады.
Осыған қоса, аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және өтініштер бөлімінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес дербес бөлімдері мен ауылдық округ әкімі аппараттарының қызмекерлерінің арасында өтініштермен жұмысының жағдайы және орын алған бұзышылықтарды талқылау мәселелері бойынша жиналыстар тоқсан сайын өткізілуде.