Меню

Страницы

Статья

Бөрлі ауданы бойынша 2019 жылғы құжатайналымы мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысына талдау

Бөрлі ауданы әкімінің аппараты және Бөрлі ауданы әкімдігінің дербес бөлімдері мен ауылдық округ әкімдерінің аппараттары өз қызметтерін Қазақстан Республикасының Конституциясын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып жүзеге асырады. Бөрлі ауданы бойынша 2019 жылы жалпы құжатайналымында 76 284 (2018 жылы 98893) құжат болды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда22,9 пайызға (22 609 құжат) кем. 2019 жылы жалпы құжатайналымының 72.2 пайызы (55 086 құжат) тек электронды түрде тіркелген болса,бұл көрсеткіш 2018 жылы 67,8 пайызды (67 072 құжат) құраған.

Құжатайналымындағы мемлекеттік тілдегі құжаттардың үлес салмағы 2019 жылы 87,5 пайызды (66 806 құжат) құраса, 2018 жылы 87,4 пайызды (86 396 құжат) құраған.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыстану жүзеге асырылады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Бөрлі ауданында 3 292 өтініш тіркелген, оның 2 551 - жеке тұлғалардан (2018 жылы – 3 963), 741 заңды тұлғалардан (2018 жылы - 816)түскен болса, соның Бөрлі ауданы әкімінің аппаратына – 897 (2018 жылы - 1567), дербес бөлімдерге –1 400 (2018 жылы -2117), ал Ақсай қаласы және ауылдық округтеріне 995 (2018 жылы -1095) өтініш түскен. 2018 жылы 4779 өтініш түскен, яғни, 2019 жылы өтініштер саны 31,1%-ға азайды. 

2019 жылы аудан бойынша тіркелген 3292 өтініштің   2723-арыз, 57 - шағым, 512 - сауал мен ұсыныс, оның 2950 қаралып, 1441 (48,8 %) қанағаттандырылды, 1397 (41,1%) өтініш бойынша түсініктеме берілді, 100 (3,3%) өтінішті қанағаттандырудан бас тартылды, 27 (0,99%) өтінішті қарау тоқтатылды, 1 (0,03%) өтініш қараусыз қалдырылды, 289 (9,7%) өтініш қарау үшін басқа мекемелерге жолданып, 37 өтініш қарау барысында.

Аудан бойынша 2019 жылы 779 тұлға лауазымды тұлғалардың жеке қабылдауында болды, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  бұл көрсеткіш 2% тұлғаға  азайды (2018 жылы 795 адам қабылданды): аудан әкімі және оның орынбасарларымен - 284 тұлға (2018 жылы-223), дербес бөлімдердің басшыларымен -120 (2018 жылы-194), Ақсай қаласы және ауылдық округ әкімдерімен - 375 (2018 жылы-379) тұлға қабылданған.  Жеке қабылдауларда тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері жиі көтерілді.

2019 жылы Бөрлі ауданы әкімінің аппаратына 9 қайталама өтініш тіркелді, оның 2 өтініш қанағаттандырылды, 2 - қанағаттандырудан бас тартылды, 4 - түсіндірілді, 1 өтінішті қарау арыз иесінің өтініші бойынша тоқтатылды.

Жазбаша түрде түсетін жеке және заңды тұлғалар үшін ең өзекті мәселелер: құрылыс мәселесі – 31.9 %, жер пайдалану мәселесі - 22,4 %, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселесі –17,3 %.

Дата публикации
01 января 2020
Дата обновления
01 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
13 октября 2026
Ақпарат
09 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы
Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы