Меню

Страницы

Статья

2020 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша талдамалық анықтама

Аудан әкімі аппараты басшысының 2019 жылдың 4 желтоқсанындағы №35 бұйрығымен бекітілген ішкі бақылау жоспарына сәйкес I тоқсан қорытындысы бойынша 2 мекемеге тексеріс жүргізілу керек болатын. Атап айтқанда: Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімі. Алайда тек тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде іс-шара өткізілді, ал жер қатынастары бөліміне жоспарланған іс-шара аудан әкімі аппараты басшысының 2020 жылдың 20 наурызындағы №41 бұйрығымен кейінге қалдырылды.

Қызмет алушылар тарапынан жергілікті атқарушы органдарға және қызмет берушілерге келіп түскен шағымдар жоқ.

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылдың 18 қыркүйектегі №983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Бөрлі ауданының (14) қала және ауылдық округ әкімі аппараттары және (11) дербес бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2020 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы – жеке тұлғаларға-2258 және заңды тұлғаларға-94 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:

- жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – жеке тұлғаларға-343 және заңды тұлғаларға-17;

- «электрондық үкімет» веб-порталы және ХҚКО арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – жеке тұлғаларға-258 және заңды тұлғаларға-49;

- қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтерің саны – жеке тұлғаларға-1657 және заңды тұлғаларға-28.

 

- мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0.

 

2020 жылдың I тоқсаны бойынша Бөрлі ауданы бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бойынша барлығы 1488 қызмет көрсетілді.

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылу фактілері анықталған жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша, қызмет алушыларды, мүдделі мемлекеттік органдарының, азаматтық қоғам ұйымдарының және БАҚ-ның өкілдерін қатыстыра отырып, дөңгелек үстелдер түрінде жиындар қажеттілігіне қарай өткізілуде.

Дата публикации
01 апреля 2020
Дата обновления
01 апреля 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
13 октября 2026
Ақпарат
09 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы
Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы