Меню

Страницы

Статья

Бөрлі ауданы әкімдігінің жер конкурсын өткізу туралы хабарламасы

«Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2020 жылы 26 мамырда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11-00 «gosreestr.kz» электрондық порталында өнеркәсіптік - азаматтық мақсаттағы объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізілетінін хабарлайды. Құжаттарды қабылдау«gosreestr.kz» электрондық порталында өткізіледі.

Жалдау құқығын сату үшін ұсынылған жер учаскелерінің тізімі

Лот №

Құқық пайдалану түрі

Жеручаскесініңкөлемі (га)

Нысаналы

мақсаты

Жеручаскесінің

орналасқанжері

Жылдық жалға беру ақысы, теңге

Бастапқы құны, теңге

Кепілдікжарнасы

Шектеулер

1

3 жылға жалдау құқығы

0,03

Ғимарат құрылысын салу және оның аумағын күту үшін

Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Советская көшесі.

 

1692

22 500

138 900

 

жоқ

2

3 жылға  жалдау құқығы

0,2800

Астық сақтау қоймасының құрылысы үшін

Бөрлі ауданы, Пугачев а/о., Пугачев ауылы.

 

1736

20496

 

138 900

 

жоқ

3

 

3 жылға  жалдау құқығы

1,8

Арнайы көлік құралдары мен жүк көліктердің                                                                                                                           тұрағына қызмет көрсету үшін

Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Солтүстік айналма жол бойы.

 

101 520

2 025 000

 

138 900

 

 

жоқ

 

Аукционды өткізу шарттары: Аукцион gosreestr.kz порталында өткізіледі. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өтізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). gosreestr.kz порталында объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда–саттықта қатысушылар «Подтвердить цену»  тетігін басу арқылы бастапқы құнын хабарланған қадамға женімпаз анықталғанға дейін көтереді.

Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: Сатып алушы: аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы қол қоюға, «Бөрлі ауданының жерқатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен аудан, қала, ауылдық округі әкімдігінің тиісті шешімімен (қаулымен), қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға,  игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті.

Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50% мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.

Ескерту: Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі.

Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:

жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты;

заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжатты береді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсыну қажет. Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Аукциогға қатысуға өтініштер gosreestr.kz порталында қабылданады.

Аукционға қатысу бойынша мәліметті «БҚО Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ алуға  болады. Ақсай қаласы, Абай даңғылы, 3/1, 1 қабат, 122 кабинет,  телефон: 8 (71133)52-9-93

 

Дата публикации
07 мая 2020
Дата обновления
07 мая 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
13 октября 2026
Ақпарат
09 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы
Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы