Меню

Страницы

Статья

Бөрлі ауданының жергілікті атқарушы органдарына келіп түскен өтініштер туралы ақпарат (2023 жылдың 1 тоқсан кезеңіне)

Өтініштердің статистикасы бойынша.  2022 жылдың соңына ашық қалып 2023 жылға ауысқан өтініштердің саны - 46.  2023 жылдың 3 айында Бөрлі ауданының жергілікті атқарушы органдарына 481 өтініш келіп түсті, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  59 өтінішке, яғни 10 % азайды (2022 жылдың салыстыру кезеңінде 540 өтініш түсті).

 Оның ішінде 326 өтініш қаралды, нәтижесінде: авторға жауап берілді – 89, қолайлы әкімшілік акт қабылданды – 154, ауырпалықты әкімшілік акт қабылданды – 59, тоқтатылды – 13, басқасы - 11, ал 64 –і құзыреттілігіне қарай қарау үшін жолданды. 

Бұл ретте, Ақсай қаласы (91) мен Пугачев ауылдық округінің (20) тұрғындары жоғары белсенділік танытуда.

Барлық өтініштерге қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен жауаптар жолданды.

Азаматтарды жеке қабылдау бойынша. Мемлекеттік органдардың ашықтылығын көрсететін құралдың бірі – ол азаматтарды жеке қабылдау болып табылады.

Ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 155 азамат қабылданды, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 61-ге немесе 39,3% көбейді (94).

Соның ішінде, Бөрлі ауданының әкімі, оның орынбасарлары және аппарат басшысы - 91 азаматты қабылдады.

Ал, Ақсай қаласының әкімі – 46, дербес бөлім басшылары – 9, ауылдық округ әкімдері -9   азаматты жеке қабылдады.

Қабылдау нәтижесі бойынша: оң шешілді -12, көтерілген мәселе бойынша қолданыстағы заң талаптарына сәйкес түсіндірме берілді -  141, мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берілді – 2.

Тәуекелдер картасы бойынша. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының тапсырмасына сәйкес тәуекелдер картасын жасақтау мақсатыда бойынша Бөрлі ауданының жергілікті атқарушы органдарына келіп түскен өтініштердің барлығына үнемі талдау жүргізілуде. Бөрлі ауданының тәуекел картасына 5 өтініш енгізіліп, бақылауға алынды. 

Заң бұзушылықтар бойынша. Бөрлі ауданы әкімінің аппаратының тарапынан, мекемеге бағынысты мекемелердің арасында «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне күнделікті мониторинг жүргізіп,  Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік - процестік кодексіне сәйкес өтініштерді қарау және мерзімдерін сақтау тәртібі жөнінде күн сайын ескертпелер жолданып отырады.

Осыған қоса, аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және өтініштер  бөлімінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес дербес бөлімдері мен ауылдық округ әкімі аппараттарының қызмекерлерінің арасында өтініштермен жұмысының жағдайы және орын алған бұзышылықтарды талқылау мәселелері бойынша жиналыстар тоқсан сайын өткізілуде.

Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Батыс Қазақстан облысының басқармасымен жүргізілетін мониторинг қорытындысы бойынша 2023 жылдың 1 тоқсанында Бөрлі ауданы әкімінің аппаратында, және оған бағынысты мекемелерінде заң бұзушылықтар анықталмаған.

Дата публикации
24 апреля 2023
Дата обновления
24 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
13 октября 2026
Ақпарат
09 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы
Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы