ШЖҚ «Бөрлі аудандық ауруханасы» МКК амбулаториялық-емханалық көмек пен стационарлық көмек көрсетеді. Тіркелген халық, тіркелімге сәйкес – 52291 адам.
Емхананың құрылымына: 3 отбасылық денсаулық орталығы, 3 дәрігерлік амбулатория, 6 ФАП, 12 МП, КДБ кіреді. 2023 жылы Аралтал шағын ауданында дәрігерлік амбулатория салынып, Бөрлі ауылдық дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жүргізілді.
2023 жылы 765 млн 76 мың теңгеге медициналық жабдықпен жарақтандырылды, 133 бірлік медициналық жабдық сатып алынды.
2023 жылы келесі елді мекендерге: Бөрлі, Достық, Успеновка, Қарақұдық ауылдарына «ГАЗ – 27527» маркалы 4 арнайы автокөлік сатып алынды. Бұл ретте босатылған арнайы көліктерді басқа елді мекендерге: Қанай, Ақбұлақ, Ақсу ауылдарына жіберу туралы шешім қабылданды. Қарақұдық, Ақсу, Ақбұлақ ауылдары мен Қызылтал шағын ауданындағы көліктер есептен шығаруға жатады (пайдалануға берілген мерзімі – 2004 ж.).
Тамыз айында Еңбекшіқазақ көпбейінді ауданаралық аурухана базасында «Үздік тәжірибелер орталығы» (бұдан әрі - ҮТО) жобасы бойынша 7 маман оқудан өтті. ҮТО-ның ашылуы 2023 жылғы желтоқсан айындада келесі жобалар бойынша өтті: «АҚМКБМ» (ақпараттандыру, қоғамдық мониторинг және кері байланыс механизмі), «Ауруларды басқару бағдарламасы», «Мейірбикелік қабылдау», «ПӘПМ» (патронаждың әмбебап прогрессивті моделі).
125 төсек-орынды құрайтын стационар 7 бөлімшеден тұрады (ПГО, инфекция, терапия, инсульт бөлімшесі, балалар, хирургия, перзентхана, оңалту).
Қазіргі уақытта 570 қызметкер қызмет атқарып келеді, оның ішінде:
– Дәрігерлер – 86 (оның ішінде декреттік демалыста – 14);
– Орта медициналық персонал – 265 (оның ішінде декреттік демалыста – 30).
2023 жылы барлығы 19 дәрігер жұмысқа келді (оның ішінде 5 жас маман, олар: невропатолог – 1, офтальмолог – 1, акушер-гинеколог – 1, отбасылық дәрігер – 1, қоғамдық денсаулық сақтау – 1. Сонымен қатар: акушер-гинеколог – 3, офтальмолог – 1, жалпы тәжірибелік дәрігерлер – 3, дерматовенеролог – 1, фтизиатр – 1, педиатр – 1, хирург/травматолог – 1, қоғамдық денсаулық сақтау – 2 , балалар хирургы – 1).
Барлық келген дәрігерлерге аудандық әкімдік желісі бойынша жалға берілетін тұрғын үй берілді. Аурухана дәрігерлерінің жалпы санынан жалдамалы үйлерде 35 дәрігер тұрады. Аурухананың орта буынды медицина қызметкерлері үшін күрделі жөндеуден өткен 26 орындық жатақхана (12 бір және 7 екі орындық) берілді.
Облыстық денсаулық сақтау желісі бойынша 4 жас дәрігерге, сондай-ақ, басқа облыстардан келген 4 дәрігерге олардың өтініші бойынша 2,5 млн теңге мөлшерінде әлеуметтік пакет төленді.
2023 жылы 58 дәрігер біліктілігін арттырудан, оның ішінде, «Трансфузиология» циклі бойынша сертификаттау курсынан – 1 дәрігер (анестезиолог-реаниматолог) өтті.
2023 жылы 6 нозология бойынша ересек тұрғындарға скрининг жүргізілді.
2023 жылы қан айналымы жүйесінің ауруларын анықтауға арналған жоспар (5870 адам), толықтай 100%-ға орындалды. Анықталғаны – 550, оның ішінде: АҚ – 524, ЖИА – 37, есепке алынғаны – 550, жоспар 100%-ға орындалды.
2023 жылы қант диабетін ерте анықтауға арналған скрининг жоспар бойынша – 6820, толықтай 100%-ға (6820) орындалды, оның ішінде: анықталғаны – 420, есепке алынғаны – 121.
Глаукоманы ерте анықтауға арналған скрининг 2023 жылы жоспар бойынша – 7520 санын құрап, 7%-ға орындалды (520), көздің ішкі қысымының жоғары көтерілуі жоспар бойынша – 520 санын құрап, 8-і «Д» есепке алынды. Сүт безі қатерлі ісігінің скринингі 2023 жылы жоспар 3359 құрап, 100%-ға орындалды (3359), анықталғаны – 1697, оның ішінде, қатерлі ісікпен – 9. Жатыр мойны обырының скринингі 2023 жылы жоспар 2700 құрап, 100%-ға орындалды (2700), анықталғаны – 304, оның ішінде, 1 қатерлі ісік. Колоректальды қатерлі ісік скринингі 2023 жылы жоспар 3413 құрап, 100%-ға орындалды (3413), анықталғаны – 88, колоноскопиядан өткен саны – 81 (3 – медициналық тұрғыдан бойынша бас тарту, 3 – өздігінен бас тарту, 1 – басқа жерге қоныс аудару), колоноскопия нәтижелері бойынша 30 тоқ ішек полипі мен 3 қатерлі ісік анықталды.
Сондай-ақ, он ауруды (18-29 жас аралығындағы қан айналымы жүйесінің аурулары, 18-29 жас аралығындағы қант диабеті, 18-29 жас аралығындағы глаукома, созылмалы бүйрек аурулары, асқазан-ішек жолдарының аурулары, тыныс алу органдары және қуық асты безінің қатерлі ісігі) анықтауға арналған ауылдық жерлерде скрининг жүргізілді.
2020 жылы YUTONG ZK6122H9 автобусы сатып алынды. Жылжымалы медициналық кешен жұмысының арқасында апта сайын кесте бойынша ауданның шалғайдағы ауылдарға дәрігерлер бригадасы шығып, өз қызметтерін көрсетеді. Жылжымалы медициналық кешен шеңберінде мынадай қызметтер көрсетіледі: терапевт, педиатр, оториноларинголог, офтальмолог, кардиолог, акушер-гинеколог дәрігерлерінің қабылдауы, іш қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі ,жамбас мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі , Қалқанша безінің ультрадыбыстық зерттеуі, ЭКГ , зертханалық зерттеулер, психологтың консультациялары. 2023 жылы 3650 адам тексерістен өтті (жоспарланған жоспар бойынша – 100%), оның ішінде: УДЗ – 115, ЭКГ – 293, зертханалық зерттеулер – 3994, бейінді мамандардың консультациялары – 4864. Нәтижесінде, 2023 жылы 513 адам анықталды, оның ішінде: Артериялық гипертензия – 145, созылмалы жүрек аурулары – 10, Қант диабеті – 65, анемия – 68, глаукома – 52, тыныс алу жүйесінің аурулары – 57, көз аурулары – 32, хирургиялық аурулар – 21, басқа аурулар – 63.
МСАК шақыру стандартына сәйкес 4 санаттағы шақыруларына МСАК жедел жәрдемімен қызмет көрсетіледі. Күндізгі уақытта 2 бригада және түнде бір бригада жұмыс істейді. Бұл ретте, шақырулар санының төмендеуі байқалады. Егер 2022 жылы – 9713 шақыруға қызмет көрсетілсе, 2023 жылы – 8559.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды (бұдан әрі – ДЗ мен МБ) медициналық ұйымдарға жеткізуді амбулаториялық-емханалық ұйымдардың өтінімдері негізінде Бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.
ТМККК және МӘМС шеңберінде 2023 жылы тегін дәрі-дәрмектермен 495 765 438,62 теңге сомасына – 8109 (оның ішінде балалар – 821) адам қамтылды (игеру – 100%).
2023 жылы тәулік бойғы стационарда 3327 науқас ем алды. Оның ішінде, 2023 жылы паллиативтік көмекті – 77, Оңалту-қалпына келтіру емдеу технологиясы бойынша емді – 45 адам, стационарды алмастыратын емді – 5091 пациент алды.