2023 жылы аудан бойынша 472 спорттық іс – шаралар өткізілді. Оның ішінде, 472 ауылдық біріншіліктер, турнирлер және кешенді спартакиадалар, 148 қалалық, аудандық, ашық аудандық біріншіліктер, чемпионаттар, кешенді спартакиадалар және мерекелік күндерге арналған бұқаралық – мәдени спорттық шаралар. Аталмыш өткен спорттық шараларда 19482 адам қамтылса, оның ішінде ауылдық округтерде 10218 адам.
2023 жылы ауданда ірі көлемді спорттық жарыстар ұйымдастырылып өткізілді. Олардың қатарында паратаеквондодан ересектер арасында Қазақстан Республикасының кубогі, жекпе-жектен WEST FIGHTING LEAGUE халықаралық турнирі, бокстан «Достық-Дружба» халықаралық турнирі, грек-рим күресінен республикалық турнирі, бокстан «Олимпиада үміткері» ашық облыстық турнирі, Ақсай қаласы күніне орай дала қызықтары, ұлттық-бұқаралық спорттық ойындары, «Aksai Trail run 2023» ашық жүгіру марафоны, «Әкелер Даңқы жолымен» спорттық-туристік слеті, ұлттық ат спорты түрлерінен аудандық бәйге жарыстары, қазақ күресінен «Бала барысы», «Ұстаз барысы», «Қазақстан барысы» аудандық турнирлері секілді спорттық шаралар өткізілді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындардың жалпы саны 22 977 адамды немесе аудан тұрғындарының 39,6 % құрайды.
Ауданда 144 спорт нысаны бар: 3 спорт кешені («Конденсат» АҚ спорт кешені, «Қарашығанақ» дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Бөрлі дене шынықтыру-сауықтыру кешені)
1 жүзу бассейн
35 спорт залы
96 спорт алаңдары мен алаңқайлары
9 ату тирі
Бөрлі аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі.
2023-2024 оқу жылында спорт мектебінде 1396 оқушы спорттың 20 түрі бойынша, оның ішінде асық ату, қазақ күресі, самбо, дзюдо, бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, таеквондо, каратэ, футбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, жүзу спорты, бадминтон, баскетбол, шаңғы спорты, жекпе-жек, жеңіл атлетика, пауэрлифтингтен спорттық секцияларда жаттығып келеді. Спорт мектебінде 46 оқытушы-жаттықтырушы қызмет етсе, оның ішінде, 22 штаттық жаттықтырушылар, 24 қосалқы сағаттағы жаттықтырушылар болып табылады.
Аталған спорттық үйірмелербойынша оқу-жаттығу сабақтары «Қарашығанақ», «Бөрлі», «Конденсат», «Ақсай» спорт кешендерінде, «Бейбарыс» спорт клубы, грек-рим және Мәдениет үйінің күрес залы және қалалық, ауылдық мектептерде жүргізіліп келеді.
«Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешені.
Бөрлі ауданында бұқаралық спорт пен дене шынықтыру ісін дамытуға бағытталған жұмыстарды, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ тұрғындарды спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту жұмыстарын жоспарлы жүзеге асыру мақсатында «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорты кешенінің ауылдық округтер бойынша – 14 және Ақсай қаласы бойынша 5 спорт әдіскері және 4 әдіскер-нұсқаушысы қызмет атқаруда.
Бұқаралық-спорттық іс-шараларды ұйымдастырудан бөлек, жаз мезгілінде «Жастар» стадионын және қала бойынша 8 спорт алаңын күтіп ұстау, қыс мезгілінде тұрғындардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында Ақсай қаласы мен ауылдық округтерде сырғанау төбешіктері мен мұз айдындарының құйылуын қамтамасыз етіп келеді. Сонымен қатар, тұрғындарға «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорты кешені ғимаратында 25 метрлік төрт жолақты жүзу бассейні және фитнес залы қызмет етіп келеді.