2026 жылдың 22 ақпанында Бөрлі ауданының Жарсуат сайлау округі бойынша Жарсуат ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бөрлі ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 994 азамат енгізілді, оның ішінде - 389 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген белгісі бар – 4. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Балмулдин Б.К. - 332;
Бикеев А.Б. - 31;
Жамбаева Г.С. - 16.
Жарсуат ауылдық округінің әкімі болып Балмулдин Бауыржан Кабдоллаевич сайланды, 26.06.1971 жылы туған, Бөрлі ауданы «Ақжайық» шаруа қожалығының басшысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған.
Бөрлі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы