Өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң талаптары
Электр энергиясы – қазіргі қоғам өмірінің маңызды ресурстарының бірі. Бүгінгі күні оны әркім өз үйінде, жұмыс орнында немесе қоғамдық орындарда кедергісіз тұтынады. Алайда бұл игіліктің астарында күрделі инженерлік жүйелер мен заңмен реттелетін қауіпсіздік талаптары бар. Соның бірі – электр энергетикасы нысандарының күзет аймақтарын белгілеу және пайдалану шарттары.
Күзет аймақтарын сақтау – жай ғана техникалық талап емес, ол — әр азаматтың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды міндет. Бұл талаптардың бұзылуы апаттық жағдайларға, электрмен жабдықтаудың үзілуіне немесе тіпті адам өліміне әкелуі мүмкін.
Күзет аймағы деген не?
Күзет аймақтарын белгілеудің құқықтық негізі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 қаулысымен бекітілген «Электр энергетикасы объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу және оларда жер учаскелерін ерекше пайдалану шарттары туралы қағидалар».
Аталған қағидаларда былай делінген:
Электр желілерінің күзет аймағы – электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі..
Күзет аймақтарын белгілеудің басты мақсаты:
Күзет аймақтарының өлшемдері
Энергетикалық нысан түріне қарай күзет аймағының көлемі әртүрлі:
|
Нысан түрі |
Күзет аймағының көлемі (желінің екі жағында) |
|
1 кВ-қа дейінгі әуе желілері |
2 м |
|
6-20 кВ әуе желілері |
10 м |
|
35-110 кВ әуе желілері |
15 м |
|
110-220 кВ әуе желілері |
20 м |
|
500 кВ және одан жоғары кернеулі әуе желілері |
30 м |
|
жер асты кабель желілері |
1 м |
|
траснформаторлық қосалқы станциялар |
құрылғы шетінен 10 м |
Қандай әрекеттерге тыйым салынады?
Күзет аймағында келесі әрекеттерге жол берілмейді:
Күзет аймағын бұзуға қатысты заңды жауапкершілік
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес:
Күзет аймағын сақтауды қадағалау кімнің құзырында?
Күзет аймақтарының сақталуын:
Электр желілерінің күзет аймақтары – жай ғана техникалық шектеу емес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құқықтық құрал. Бұл аймақтар адам өмірін қорғау үшін заңмен белгіленген.
Сондықтан, қазу, егу, қоршау орнату, құрылыс жұмыстары жоспарлау алдында жер телімі электр желілерінің күзет аймағына жатпайтындығына көз жеткізген жөн. Жер телімі күзет аймағы ретінде белгіленген жағдайда, электр желісінің иесінен жүргізілетін жұмыстарды іске асыру бойынша жазбаша рұқсат алу қажет.