БӨРЛІ АУДАНЫ КЕҢТҮБЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2025 жылдың 17 тамызда Бөрлі ауданының Кеңтүбек сайлау округі бойынша Кеңтүбек ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 663 азамат енгізілді, оның ішінде - 347 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген белгісі бар – 19 . Жарамсыз бюллетеньдер саны – 6.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Баймуратова Н.О. - 49 ;
Газиев Н.Т. - 231;
Ташуков Н.Б. - 42.
Кеңтүбек ауылдық округінің әкімі болып Газиев Нурлан Талаптанович сайланды, 19.08.1978 жылы туған, Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылдық округінің әкімі, Бөрлі ауданы, Кеңтүбек ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Бөрлі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы