Хаттама: «Абразив Пром Торг» ЖШС көзделіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесі

Хаттама

Ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесі

"Абразив Пром Торг"ЖШС жоспарланған қызметі туралы өтініш

бойынша" Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында орналасқан Пугачевское кен орнында құм өндіру жұмыстары "2025 жылғы 20 маусымдағы

№ KZ88RYS01216816

 

 

          Жиынтық кесте жасалған күні: 15.07.2025 ж.

          Жиынтық кесте жасалған орын: ҚР ЭТРМ ЭРБК Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті

          Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның атауы: ҚР ЭТРМ ЭРБК Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті

          Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинау туралы хабарланған күн: 23.06.2025 ж.

          Мүдделі   мемлекеттік   органдардың   ескертулері   мен                           ұсыныстарын беру мерзімі: 23.06.2025 – 14.07.2025 ж.

          Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинақтау:

№

Мүдделі мемлекеттік орган

Ескерту мен ұсыныстар

1

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Ұсыныстар мен ескертулер (24.06.2025 ж. №4- 12/1148 хаты)

«Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен, «Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінен, «Жайық – Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінен және «Жайық - Каспий су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөніндегі бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінен келісім алу керектігін және ресми интернет-ресурсқа

2025 жылдың 24 маусымында орналастырылғандығын хабарлаймыз.

2

Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің

«Батысқазжерқойнауы»

Батыс Қазақстан геология департаменті

Ұсыныстар мен ескертулер (24.06.2025 г. №26-10-10- 1225 хаты):

Департамент компанияның жоспарланған қызметіне мүдделі мемлекеттік орган болып табылмайтындығын хабарлаймыз.

3

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстарын реттеу,

Ұсыныстар   мен   ескертулер                          (25.06.2025           г.                          №-28- 7/1499 хаты).

1.Су    обьектілерінің    және                олардың   су        қорғау аймақтары     мен     белдеулерінің                 аумағында           (тиісті

 

 
   

 

 


қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы

облыстардың әкімдері белгілейтін) құрылысқа (немесе салуға байланысты емес) жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Су кодексінің 86 бабының талаптарына сәйкес белгіленген тыйымдар, шектеулері ескеріле отырып жүзеге асырылады, атап айтқанда:

Жерүсті су объектілерінде:

1.1.        жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды, Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды, сондай-ақ кен іздеушілікті, ас тұзын, емдік балшықтар өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге; радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға; жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға; бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға; ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге; бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге; пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады.

1.2.         Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар: мыналарды: су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын; көпірлерді, көпір құрылысжайларын; айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін; балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін             объектілерді,                     сондай-ақ          оларға коммуникацияларды;             ғимараттар                         мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды,

аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды; су  объектілері  жай-күйінің  көрсеткіштерін  байқау

 

 
   

 

 

 


пункттерін салу және пайдалану; жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру; осы баптың 1- тармағының 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.

1.3. Су қорғау аймақтары шегінде:

жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын                                                          құрылысжайлармен                                   және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге; автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап- тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін                             орналастыруға           және                                 салуға; тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі; тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға; зираттарды орналастыруға; жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын           (биотермиялық                                   шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға; сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының                 радиациялық,                                      химиялық, микробиологиялық,            токсикологиялық                                  және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.

2.     Орналастырылуы осы баптың ережелеріне қайшы келмейтін объектілер су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбайтын, сондай-ақ судың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін техникалық сумен жабдықтаудың тұйық (ағынсыз) жүйелерімен және (немесе) құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілуге тиіс.

3.        Су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет тәртібі бассейндік   су   инспекцияларымен,   халықтың

 

 
   

 

 

 


санитариялық-эпидемиологиялық                                                                саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген жобалар шеңберінде айқындалады.

4. Көлік немесе инженерлік коммуникацияларды су объектілерінің аумағы арқылы салу жобалары тасқын сулардың өтуін, су объектілерін пайдалану режимін, сулардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбауды, олардың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүргізуді көздеуге тиіс.

3. Судағы жоспарланған қызметті жүзеге асыру үшін су обьектісінен тікелей су обьектісінен алуды немесе алмай-ақ жер үсті және (немесе) жер асты су ресурстарын пайдалануға Қазақстан Республикасының Су кодексінің 45 бабының талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсаты болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 25-бабының 1-тармағы 4 тармақшасы бойынша  2023  жылдың  1  қаңтарынан  су  қоры

жерлерінің аумағында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге тыйым салынады.

4

Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы

Ұсыныстар мен ескертулер жоқ (27.06.2025 ж. №4- 6/901 хаты)

5

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігі Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар

департаменті

Өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлігінде ұсыныстар жоқ (26.06.2025 ж. № 21-15-8-7/3160 хаты)

6

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаменті

Ұсынылған жоқ

7

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи

ресурстар министрлігі

Ұсыныстар мен ескертулер (25.06.2025 г. №2-12/379 хаты):

Өтініште көрсетілген сұратылып отырған учаскенің

 

 
   

 

 


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы

бұрыштық нүктелерінің координаталары (СК-42): 1. с.е. 51°16’42.42”, ш.б. 52°53’34.37”; 2. с.е. 51°16’41.23”,

ш.б.     52°53’53.69”;     3.      с.е.            51°16’38.71”,     ш.б.

52°53’59.64”; 4. с.е. 51°16’15.51”, ш.б. 52°53’58.38”; 5.

с.е.     51°16’17.21”,     ш.б.          52°53’33.46”.     Сондай-ақ

бұрыштық нүктелердің WGS-84 координаталары: 1. с.е. 51°16’43.13”, ш.б. 52°53’29.47”; 2. с.е. 51°16’41.94”,

ш.б.     52°53’48.79”;     3.      с.е.            51°16’39.42”,     ш.б.

52°53’54.74”; 4. с.е. 51°16’16.21”, ш.б. 52°53’53.48”; 5.

с.е. 51°16’17.91”, ш.б. 52°53’28.56” ерекше қорғалатын табиғи аумақтары және мемлекеттік орман қоры жерлерін қамтымайды.

Бұдан басқа жұмыстарды жүргізу кезінде, 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 183-VII ҚРЗ «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36,

45  баптарын  және  Қазақстан  Республикасының

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңының 17 бабының талаптарын ескеру қажет екенін қаперіңізге саламыз.

8

Батыс Қазақстан облысының құрылыс

басқармасы

Ұсынылған жоқ

9

Бөрлі ауданының әкімдігі

Ұсынылған жоқ

10

Мүдделі жұртшылық

Ұсынылған жоқ

 

Дата публикации
17 июля 2025