Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары

Бөрлі ауданы бойынша 2025 жылғы 1 маусымға тіркелген шағын және орта бизнес субъектілер саны 5008, оның ішінде ЖШС саны 908, ЖК-3638, ШҚ-462. Жұмысын жасап тұрғандар саны 4676, оның ішінде ЖШС -786, ЖК-3441, ШҚ-449.

                Өз кәсібін ашамын деген тұрғындарға мемлекет тарапынан жеңілдетілген пайызбен беретін несиелер түрінде қолдаулар қарастырылған, атап айтқанда – олар:  «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге болады, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы жеңілдетілген несиелер, сонымен қатар әлеуметтік осал топтарға арналған қайтарымсыз гранттар бар, грант сомасы 1,5 млн.тг және 5 млн.тг дейін грант -  «әлеуметтік кәсіпкер» статусы  бар кәсіпкерлерге және «Бір ауыл-бір өнім» жобасының финалистеріне қарастырылған.

                Жаңадан бизнесін ашқандар әр-түр салада өз ісін бастап келеді, басты бағытыттың бірі ауылшаруашылықты дамыту қолға алынуда, мысалы КПО б.в. компаниясының «БатысАгрохаб» жобасы аясында ауылдық жерлерде 10 жылыжайдың құрылысы жүргізілді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы да ауылдық жерлерде өңдеу, өндіру саласын дамыту мақсатында жобалар қолға алынды.

                Әйел кәсіпкерлердің үлесі 56,4 пайыз құрайды.

                 Кәсіпкерлердің көпшілігі мемлекеттік қолдаулар туралы ақпарат алуға келеді, бұл ретте әр бір жобаны жеке қарастырып, қай мемлекеттік қолдау тиімді болатыны туралы түсіндіру жұмыстар жүргізіледі және жобаны іске асыру барысында толық қолдау көрсетіледі

Дата публикации
14 июля 2025