Бөрлі ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА
БӨРЛІ АУДАНЫ ҚАРАҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2025 жылдың 22 маусымда Бөрлі ауданының Қарақұдық сайлау округі бойынша Қарақұдық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бөрлі ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 153 азамат енгізілді, оның ішінде - 109 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 3. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Орынбасарова Р.Д. – 9;
Сагингалиев Э.К. – 7;
Тулегенов Т.Т. – 90.
Тулегенов Турехан Тельманович сайланды, 17.01.1986 жылы туған, Бөрлі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ директоры, Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Бөрлі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы