Бөрлі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы №11-3 «Бөрлі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Бөрлі аудандық мәслихатының

ШЕШІМІНІҢ ЖОБАСЫ

 

№____                                                                              «____»_______2025 жыл

 

 

  Ақсай қаласы                      

 

 

Бөрлі аудандық мәслихатының 2024 жылғы  1 наурыздағы №11-3             

«Бөрлі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін

айқындау туралы»   шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Бөрлі аудандық мәслихатының «Бөрлі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 1 наурыздағы №11-3 шешіміне  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7337-07 болып тіркелді)  келесі өзгеріс енгізілсін:    

          көрсетілген шешіммен бекітілген Бөрлі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы қағидаларында:

          6 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

 «Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет  Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінуге құқылы.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының  2-қосымшасында көрсетілген.

Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылғанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

          Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
03 июня 2025