БӨРЛІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-5-бабына сәйкес Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 31 мамыры күні Қанай ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Стамгазиев Есенаман Жумажанович - 11.06.1984 жылы туған, «Бөрлі аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКК басшысы, өзін-өзі ұсынды;
- Сандыбекова Алмагуль Беркингалиевна - 25.10.1987 жылы туған, Бөрлі ауылдық округі әкімінің орынбасары, өзін-өзі ұсынды;
- Канашев Биембет Сакенович - 23.01.1989 жылы туған, Бөрлі ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі башсысының орынбасары, өзін-өзі ұсынды.
Бөрлі ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы