БӨРЛІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ
КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Ақсай қаласы № 4 9 сәуір 2025 жыл
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы
Пугачев ауылдық округі әкімін сайлау
жөнінде сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес, Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Пугачев ауылдық округі аумағының шекарасында сайлау округі құрылсын.
- Осы қаулы Бөрлі ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық-саяси «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» газетінде жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға Е.Каржауов