Сайлауды тағайындау туралы

БӨРЛІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 

 

Ақсай қаласы                                   № 3                           9 сәуір  2025 жыл

 

 

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының

Пугачев ауылдық округі  әкімінің сайлауын

2025 жылғы 18 мамырға тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағы 1)-тармақшасына және 2-тармағына сәйкес, Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 18 мамырға тағайындалсын.
  2. 2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы қаулының көшірмесі Бөрлі ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы қаулы Бөрлі ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық-саяси «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» газетінде жариялансын.
  6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

         

                 Төраға                                                            Е.Каржауов

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 апреля 2025