БӨРЛІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
ШЕШІМ
№_34___ «1» қараша 2023 жыл
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданының Приурал ауылдық округі
әкімінің сайлауын 2023 жылғы 10 желтоқсанға
тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1- тармағына сәйкес Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Приурал ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалсын.
- 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Приурал ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы шешімнің көшірмесі Бөрлі ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы шешім аудандық «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
- Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Е.Каржауов