Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 9 қазанда өткен Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМАСЫ
Сайлауға «AMANAT» партиясынан 1 үміткер, өзін-өзі ұсынумен 2 үміткер қатынасты.
Сайлау күні барлық тізімге енгізілген 423 сайлаушының 311 (73,5 %-ы) сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Кандидаттар Умиралиев Ерлан Болатовичке-248 (86,4 %), Қамидоллаұлы Нұрдаулетке-24 (8,4 %), Мухтубаев Бауыржан Жолдаскалиевичке 15 (5,2 %) дауыс берілді.
Дауыс беру нәтижесінде Умиралиев Ерлан Болатович Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Умиралиев Ерлан Болатович, 01.12.1976 жылы туылған, ұлты қазақ, Бөрлі ауданы Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызыметін атқарды, «AMANAT» партиясының мүшесі, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Достық ауылының тұрғыны.
Бөрлі аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы